00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі

13 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі
фото: almaty.tv

Астаналықтар 1 қыркүйекке дейін өз үй жануарларын чиптеуге және олардың деректерін бірыңғай базаға тегін енгізе алады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы иттер мен мысықтар «Астана ветсервисінде» TANBA жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуден өтуі тиіс. Кейін қызмет ақылы болады, оны ветеринарлық клиникалар көрсетеді.

Қазір үй жануарлары ақысыз негізде келесі мекенжай бойынша чиптеледі:

- Сарыарқа ауданы, С. Мұқанов көшесі, ғимарат, 2/1 (Арнайы ХҚКО), тел. +7 (747) 623-53-57, +7 (747) 672-85-27. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап иттер мен мысықтардың иелері үй жануарларын тіркеуге міндетті болады, әйтпесе оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.