Елордада балалар арасында жүгіруден жарыс өтеді
Аталған шара 20-тамыз Спорт күні аясында өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысты Astana RUN Challenge екінші кезеңі аясында қалалық триатлон федерациясы және «Mega Kids» балалар орталықтары мен балабақшалар желісі бірлесіп жүзеге асырмақ.
500 м қашықтыққа 14 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысады деп жоспарланып отыр. Мәре сызығын кесіп өткен қатысушыларға арнайы медаль, ал жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады.
Егер біздің іс-шарамыз балалардың есінде қалатындай ұйымдастырылса әрі өскелең ұрпақтың жүгіру спортына деген қызығушылық тудырса қуанар едік. Іс-шараға бес жас санаты бойынша балалар қатыса алады. Бұл 3 жасқа дейін; 4-5 жас; 6-7 жас; 8-10 жас; 11-14 жас, - деп атап өтті Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.
Мерекелік іс-шара 20 тамызда сағат 08.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында (шаңғы трассасы) өтеді.
Қатысу үшін баланы елордалық триатлон федерациясының triathlonnursultan.kz сайтына тіркеу қажет.