00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

7 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Полицейлер азаматтық қару иелерін, тұрғын алаптарды тексереді. 

Мәселен, тәулік ішінде қаруды тіркеу немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін ӘҚБтҚРК 486-бабы бойынша 5 дерек, қару айналымы ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтҚРК 484-бабы бойынша 4 дерек анықталды, - делінген қалалық Полиция департаментінің ақпаратында.

Іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы елордалық тұрғынның «ИЖ» маркалы қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша қарудың екі ұңғылы, тегіс ұңғылы, қолдан жасалғаны және атуға жарамды атыс қаруы екендігі анықталды. 

Айта кетейік, Астана қаласының Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.