00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 30 көппәтерлі тұрғын үйде жедел сатылар жаңартылады

29 мамыр, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елордада 30 көппәтерлі тұрғын үйде жедел сатылар жаңартылады
Коллаж: Elordainfo.kz

2024 жылы елордада көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде 30 жедел сатыны ауыстыру жоспарланып отыр Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Ерлан Каналимовтың айтуынша, бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Себебі, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жыл сайын ТКШ инфрақұрылымын жөндеу бойынша Жол картасын әзірлейді. Егер тиісті шамада қаржы бөлінсе 40-қа жуық жедел сатыны ауыстырылуы мүмкін.

Бұған дейін мәслихат депутаттары ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 16 бірлік жедел сатылардың жабдығын ауыстыруға Бюджеттік өтінімді мақұлдаған болатын.

 Қазіргі уақытта көрсетілген мекенжайлар бойынша жеделсатылар ауыстырылды:

1. Қуанышбаев №14-3 жедел саты.

2. Б.Момышұлы 17-3 жедел саты.

3. Б. Момышұлы 19-2 жедел саты.

4. Иманова 6-1 жедел саты.

5. Керей Жәнібек хандар 9-2 жедел саты.

6. Сарыарқа 15-1 жедел саты.

7. Қарталы 18/1-2 жедел саты.

8. Кубрин 22/1-2 жедел саты.

«Тағы 14 жедел сатыны жөндеуге және ауыстыруға бюджеттік өтінімдер берілді, олар жақын арада қаралатын болады. Елорда тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін үйден өтініш беру қажет. Қаражат бюджеттен 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз бөлінеді», - деді Ерлан Каналимов.