00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайында 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы ұсталды

15 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайында 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі ұшу алдындағы тексеру жүргізу барысында шамамен 160 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтаған, деп хабарлады Elorda.info.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қомақты қаражатпен ұсталған жолаушы құзырлы органға тапсырылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.