Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды
25 шілде, 2024
Торғын Аман
Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізіп, нәтижесінде сот шешімдері орындалмағанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.
Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған.
«Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды», - деді Астана қаласының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:51
Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады
21 қараша, 2024
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
21 қараша, 2024
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
21 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған орталық ашылады