Елорда әкімі кепілге алынған азаматтарды құтқарғандарға алғыс айтты
18 маусым, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек банк бөлімшесінде кепілге алынған азаматтарды құтқарғандарға алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Каспий банкінің бөлімшесінде кепілге алынған азаматтарды құтқаруда ерекше ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне, Ішкі істер министрлігінің басшылығына алғыс айтамын. Сол азаматтардың ширақ қимылының арқасында қылмыскер тез арада құрықталды. Кепілде болған азаматтар жапа шеккен жоқ, дәрігерлердің тексеруінен сол жерде өтті, - деп жазды Ж.Қасымбек.
Айта кетейік, осыған дейін Каспий банкінің бөлімшесінде қарулы адам кепілге алған адамдар босатылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар