00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды
коллаж Elordainfo.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелердің жаңа тізбесін бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;

Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбі;

Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;

Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа мерекелермен қоса, тізімде әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған 55 мереке бар. 23 маусымда полиция мен мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Ал 24 маусым – Судья және сот қызметкері күні. 28 маусымда Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні тойланады.