«Елім дегендер»: елордада өзге этнос өкілдері арасындағы республикалық шығармашылық байқауы өтті

Республика күніне орай елордадағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Елім дегендер» атты өзге этнос өкілдері арасында республикалық шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылған байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдері қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндерін көрсетті.
Қатысушылар үш номинация, яғни «Эссе жазу», «Халық әндерін орындау», «Көркем сөз өнері» аталымдары бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша «Эссе жазу» номинациясында Алсу Рахматуллина, «Халық әндерін орындау» номинациясында Акрам Ирисметов, «Көркем сөз өнері» аталымында Мархаба Асанова топ жарды.
Әр номинация бойынша қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар қаржылай сыйақымен (І орын – 300 мың теңге, ІІ орын –200 мың теңге, ІІІ орын – 100 мың теңге) және дипломдармен марапатталды.



