00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Creative summer»: Астанада демалыс күндеріне арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленді

14 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Creative summer»: Астанада демалыс күндеріне арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленді
фото: www.gov.kz

Елордада «Creative summer» жобасы аясында жаз бойы, әр сенбі және жексенбі күндері шығармашылық ұжымдардың қойылымдары және флешмобтар жоспарланған ойын-сауық бағдарламасы әзірленді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба қонақтарына арнап әр демалыс сайын балаларға арналған түрлі шаралар өтеді.

Сондай-ақ, көше суретшілеріне сурет салуға арналған орындар қарастырылған. Бұған қоса балаларға аквагримм жасауға болады және әртістер, аниматорлар мен тағы басқалар өнер көрсетеді.

Қатысуға кәсіби музыканттар мен музыкалық топтар жұмылдырылды. Күндізгі бағдарлама сағат 16:00-де басталады, орындар апта сайын өзгереді, алдағы іс-шараның хабарландырулары @madeniet_direkciya аккаунтында жарияланады.

Жоба қалалық алаң, Есіл өзенінің жағалауы, Жерұйық және Жетісу саябақтарында кезең-кезеңімен өтеді.

Жобаға белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, вокалдық үйірмелер, эстрадалық студиялар, заманауи би бағыттарының хореографиялық академиялары, түрлі шығармашылық студиялар, шығармашылық ЖОО студенттері, сондай-ақ музыканттар тартылды.