Бүгін елордада «Ақылды қария – ағынды дария» форумы өтеді
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақ халқы қариясын құрметтеп, бала тәрбиесіне аса қатты көңіл аударған. Өнегелі де өсиетті бабалар сөзіне үңілсек, «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман»- дейді. Бүгінде сол ұлтқа ұйтқы, жұртқа қорған болар ұрпақты қалай тәрбиелеп отырмыз? Болашақтың ірге тасын қалай қалап жатырмыз? Қазыналы қарияларымыздың айтары бар ма?
Міне, осындай сұрақтар саналы адамды мазалайтыны анық. «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени Қоғамдық қоры «Ақ кимешекті – киелім» аналары жобасы осы бір көкейкесті сауалға жауап іздеп, ұлттық мәселелердің шешімін қарастырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қариялардың даналығы арқылы бала тәрбиесін қолға алу мақсатында құрылған. Осыған сәйкес аталған форумның басты міндеті мен негізгі тақырыбы ұлттық құндылықтар, қариялар рөлі, бала тәрбиесі болмақ.