00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Айсұлу Нұғыманова: Атом саласының мамандарын даярлаймыз

24 қыркүйек, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Айсұлу Нұғыманова: Атом саласының мамандарын даярлаймыз
фото: ашық дереккөзден

Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің PhD докторы Айсұлу Нұғыманова атом саласында жұмыс істейтін мамандардың қандай бағдарлама бойынша оқытылатыны туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

1996 жылы 23 мамырда Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық институтының базасында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті құрылып, отандық жоғары білім беру мен ғылымында өзіндік орны қалыптасты.

2008 жылдың 9 шілдесінде Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасын құру туралы ЕҰУ, БЯЗИ, ЯФИ бірлескен бұйрығы шығып, кафедра туралы ереже бекітілді.

2009 жылы сәуір айында Физика-техникалық фаультеті жалпы теориялық физика, техникалық физика, ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар, сондай-ақ, ғарыштық технологиялар кафедрасын біріктірді. Бүгінде университет студенттері ядролық физика мамандығы бойынша қос дипломды бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алады.

DC-60 ауыр ионды сәулелерді үдетуге негізделген зерттеу кешінінде студенттердің теориялық білімін шыңдаумен қатар, практикалық тәжірибесін арттыруға мән беріледі. Атом саласының білікті де білімді мамандарын дайындауда отандық және шетелдің ғылыми орталықтары үлес қосады. Атап айтқанда, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Республикалық диагностикалық орталық, Ұлттық ғылыми-медициналық орталық, Энергетика министрлігінің Атом энергиясы комитеті, Ядролық физика институтының Астана филиалы, Біріккен ядролық зерттеулер институты, П.Лебедев атындағы Ресей Ғылым академиясы және Дубна мемлекеттік университетінде біздің студенттер тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін шыңдайды.

2023 жылы 23 маусымында медициналық физика магистрлерінің алғашқы түлектері дипломын алды.

2025 жылы «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша бакалавр, «Радиациялық қауіпсіздік» және «Радиоэкология» мамандығы бойынша магистрі, «Ядролық энергетика» мамандағы бойынша PhD докторы бойынша маманданады. Қысқасы, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті атом саласының мамандарын даярлайды.