Астаналық спортшылар ерекше видеоролик түсірді


Астанадағы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ерекше видеоролик түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында түсірілген видеороликте спортшылар 1 минутта не істеуге болатынын айтты. Олар Орталық саябақтағы серуен жолдарын тазалады.
Осылайша астаналықтар сүйікті қаласына деген қамқорлығын тағы бір мәрте дәлелдеп, экоакцияға қатысты.
«Бұл «Таза Қазақстан» тақырыбы бойынша түсірген видеоролик. Менің ойымша, бір минут ішінде көп нәрсе істеуге болады. Қоғамдық орындарда, қоғамдық автобуста, саябақтарда, жаттығу залдарында жатқан кез келген қоқысты алып, қоқыс жәшігіне тастауға үлгересіз. Өз кәсібіме қатысты айтар болсам, жаттығудан кейін спортшылар өздері қолданған заттарын орнына апарып қоя алады», - деді жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы Айдын Сапарханов.