00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астаналық спортшылар қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

31 желтоқсан, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астаналық спортшылар қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
Фотоколлаж: Elordainfo.kz

Елордалық спортшылар қазақстандықтарға Жаңа жылмен құттықтау жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті астаналықтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік», - деді дзюдошылар Мәди Амангелді және Естай Ермұхан.

Олар ыстық лебіздерін білдірді.

 «Жаңа жыл құтты болсын. Шаңырақтарыңызға ырыс-береке, мемлекетімізге бейбітшілік тілеймін. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін», - деді асық атудан 2024 жылғы әлем кубогының жеңімпазы Аружан Сүйментай.

Санаулы сағаттан соң табалдырықтан жылан жылы аттап, жаңа жылдың ақ парағы ашылады.

 «Астана қаласы жекпе-жек федерациясының құрама командасы барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтайды. Келер жылы да көк туымыз көгімізде желбірей берсін», - деді спортшылар.

Олар келер жыл әр азамат үшін жаңа белестерді бағындыратын жыл болуын тіледі.

«Құрметті Қазақ елі! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақыт пен береке тілеймін. Жаңа жыл қуанышқа толы жыл болсын. Жаңа жылдарыңызбен!», - деді асық атудан әлем кубогының жеңімпазы Балмира Бекбосынова.

Жаңа жыл — қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі.

«Құрметті отандастар, баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа жеңіс алып келсін. Бар жақсылық жаңа жылда болсын. Жаңа жыл құтты болсын», - деді ММА аға жаттықтырушысы Нұрлан Қарабалин.