Астаналық өрт сөндірушілер арасында патриоттық әндер конкурсы өтті
Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында өрт сөндіру қызметінің өнерлі қызметкерлерінің арасында «Елім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық әндер конкурсы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Конкурсқа 11 адам қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Конкурстың әділқазы мүшелері қатарында төраға ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Әбдіқадыр Қашқабай, «Руханият» оқу орталығының оқытушысы С.Женсібаева, Өнертану ғылымдарының докторы К.Рысқұлов әділ бағаларын беріп, қатысушылардың отансүйгіштік рухтарына аса мән берді.
Конкурста І орынды №7 МӨСБ аға өрт сөндірушісі Мерей Үсенов, ІІ орынды Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөілімінің аға байланыс шебері Айбат Тұрған, ІІІ орынды №13 ӨСБ кіші инспекторы Елжас Үсенбай иеленді.
Барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.