00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық мәслихат депутаттары активтерді тиімді басқаруды талқылады

Астаналық мәслихат депутаттары активтерді тиімді басқаруды талқылады
Фото: Е.Каналимов/Instagram

Елордалық мәслихат депутаттары Ревизиялық комиссияның отырысында жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі мен Астана қаласының жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін активтерді басқару бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Отырыста Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, сондай-ақ «АстанаБасжоспары» ЖШС басшыларының есептері тыңдалды. Аудит нәтижесінде 58 рәсімдік бұзушылық пен 5 жүйелік кемшілік анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша комиссия тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берді.

Фото: Е.Каналимов/Instagram

«Коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқару тиімділігін бағалау бойынша сараптамалық-талдау шарасының нәтижелері талқыланды. Әсіресе, «Барыс Арена» спорт кешені, «Астана Арена» футбол стадионы және «Алау» мұз айдыны секілді нысандардың тиімділігіне қатысты сұрақтар туындады. Қаржылық аспектілер қарастырылып, нысандардың қала тұрғындарына барынша пайда әкелуі үшін шешімдер жетілдірілуде», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.