Елордалық балалар «Таза Қазақстан» спектаклін тамашалады
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Lampa А» инклюзивті балалар көлеңкелі театры» жас көрермендерге «Таза Қазақстан» спектаклін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ол «Теремок» ертегісі негізінде әзірленген. Мұнда ертегі қоқысқа толы орманда басталады. Жас көрермендер экологиялық мәселені шешуге және соған қатысты сұрақтарға жауап табуға тырысады.
Қойылым балалар мен олардың ата-аналарына қоршаған әлемге ұқыпты қарау қажеттігін насихаттайтын «Таза Қазақстан» жобасына арналады.
«Біздің спектакльдің идеясы - «Таза Қазақстан» жобасымен бірдей. Ертегі арқылы балалар тәртіптің болуы қоршаған орта сақтауда маңызды екенін түсінеді. Спектакль барысында балалар өздерінің қиялына ерік береді», – деді «Lampa А» балалар орталығының директоры Алуа Барманқұлова.
Елордалық «Lampa А» балалар театры мұндай қойылымды тұрақты түрде өткізеді.
Қалада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда.Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.