Астанадан 45 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Елорданың бес ауданында жыл басынан бері қаланың коммуналдық қызметінің күшімен 45 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмыс жүйелі түрде жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Күн сайын рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Жыл басынан бері қалада 70-тен астам рұқсат етілмеген полигон анықталды. Олардың барлығы жойылды.
Сәуір айының басынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы ауданынан 6 800 тоннадан астам (963 рейс) қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс орындары бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық суреттері ұсынылды – 9 учаске бойынша (39 нүкте). Қазіргі уақытта 32 нүкте жойылды.
Нұра ауданында рұқсат етілмеген полигондардың 21 орны анықталды. Жаңа аппарат құруды және заң нормаларына сәйкес конкурстық рәсімдер өткізуді ескере отырып, сәуірден шілдеге дейін 8 орын жойылды. Осы орындардан шамамен 4 350 тонна құрылыс қоқысы шығарылды.
Мұндай стихиялық полигондарды болдырмау үшін аудан әкімдігі полигондарға жақын аумақтарда бейнебақылау камераларын орнатады.
Осы уақыт ішінде Байқоңыр ауданынан 1500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Аудан аумағында 3 заңсыз орын жойылды, екеуі бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Экологиялық айлықты және коммуналдық сенбіліктерді ескере отырып, Есіл ауданынан 17 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
«Нұрлы жол» вокзалына қарай Ұлы Дала даңғылындағы қоқыстарды жою жұмысы жүргізілуде – 80%, «Жетісу» ТК ауданында – 30%, «Заречный» ТК ауданында «Бақыт Премиум» ТК ауданында – 100%, Пригородный елді мекенінде – 100% пысықталды, Қабанбай батыр даңғылы әуежайға қарай – 100% пысықталды, «Талисман» ТК ауданында – 100% пысықталды.
Осы жылдың басынан бастап Сарыарқа ауданында 17 рұқсат етілмеген полигон анықталды. Оның ішінде мына мекенжайлар бойынша стихиялық орындар жойылды: Бейбарыс Сұлтан көшесі, 11, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 8, С-308, С-309, «Көктал» саябағының артында, «Поляна» саяжай қоғамы, Желдірме көшесі (Тілендиев, Гефест зиратының жанында), Кендал көшесі, 13, Қосшығұлұлы көшесі, 3/1, «Полянка» саяжай алабы, Ақмая/Алқатере тұйық көшесі, Дәулеткерей көшесі, 1 (UrbanCollege аумағының айналасында), Аққорған көшесі (қарттар үйінің айналасында), Конституция көшесі, Болашақ көшесі «Балаларға арналған түзету мектебі». Сондай-ақ жұмыс С-307 көшесінде жүргізіліп жатыр.
Күн сайын экологиялық полициямен бірлесіп мониторинг жүргізіледі.
Сонымен қатар, бұл мәселеде тұрғындар, әлеуметтік желілердегі сұраныстар мен «Ғарыш Сапары» суреттері септігін тигізеді. Заң бұзушылар арнайы орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады.