00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жол үстінде төбелескен екі жүргізуші қамауға алынды

22 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада жол үстінде төбелескен екі жүргізуші қамауға алынды
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық бойынша екі жүргізушіге қатысты іс қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Олар көлік жүргізіп келе жатып, сөзге келіп қалып, ақыры көліктен шығып, қоғамдық жерде жаға жыртысқан.

Сот отырысы барысында жүргізушілер құқық бұзушылық жасағанын мойындады. Сот қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, қамауға алды. Бұл ретте олардың біреуі бұрын осындай құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

«Сот қаулысымен А. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныл, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Екінші құқық бұзушы Б ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша қайтадан бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныл, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.