Астанада «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада XI Азаматтық форум аясында өткізілген «Жергілік бастамалар» әлеуметтік жобалар видео-конкурсының грант иегерлері мен жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Марапаттау рәсімі XI Азаматтық форум алаңында өтті, оған елорда мен өңірлердің үкіметтік емес ұйымдары, қоғам қайраткерлері, волонтерлік қоғамдастық мүшелері және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.
Байқауға қатысқан видеороликтер ақпараттық және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған болуы керек.
Жеңімпаздар: «Семей ЯП» ҚҚ, «Нұр әлем Қазақстан» ҚҚ, «Оңалту технологиялары мен тұжырымдамаларының қоғамдық қоры», «Best For Kids» ҚҚ, «Мама про» ҚҚ, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, «Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы» ҚБ, «Қара Шаңырақ» ҚБ, «Strong mother NS» ҚҚ, Склерозы бар мүгедек науқастардың қоғамдық бірлестігі.
Іріктелген 20 жұмыстың 10-ы 500 мың теңгенің сертификатына ие болды, қалған жұмыстардың авторларына естелік сыйлықтар табысталды.