Астанада жас жігіттің үстіне футбол қақпасы құлап, қаза тапты

Фото: видеодан скриншот
Астанадағы спорт алаңында 25 жастағы жігіттің үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қайғылы жағдай «Достық Арена» спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт оған асыла бергенде, қақпа жігіттің үстіне құлайды. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм 25 жаста екен.
«Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған», - деп хабарлады елордалық ПД.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:15
Астанада №104 LRT станциясына үшінші құрам қойылды

Бүгін, 17:03
Республика күніне орай кейбір астаналықтарға бір реттік төлем беріледі

Бүгін, 16:15
Астанада тұрақ ақысы тұрған минуты бойынша алынатын болады

Бүгін, 15:05
«Кітап оқитын ұлт»: МҚІА мен «AMANAT» партиясы меморандумға қол қойды