Астанада жаңа автобустардың саны артты
18 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: CTS
Бүгіннен бастап №26 бағдардағы автобустардың саны артты. Енді бағдарда 18 автобус қызмет көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ, бағдардағы жылжымалы құрам ішінара жаңа автобустарға ауыстырылды.
CTS жұмысшылары қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды басқа бағыттарға да қатысты жүргізіп жатыр.
Құрметті біздің жолаушыларымыз, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуді ұмытпаңыздар! Жол ақысын төлеу арқылы сіздер жолаушылар легін нақты есептеуге көмектесесіздер, ал біз сол көрсеткіш арқылы бағыттарды ұйымдастырамыз, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар