Астанада заңсыз айналымдағы 1 759 контрафактілік өнім тәркіленді

6 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада заңсыз айналымдағы 1 759 контрафактілік өнім тәркіленді
Фото: gov.kz

Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бекболат Колумбаев Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Биылғы 11 айда Әділет департаментіне жеке және заңды тұлғалардан (құқық иелерінен) 73 өтініш келіп түсті. Департамент жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы 40 акт шығарды. Оның ішінде: 28 тексеріс бойынша құқық бұзушылық анықталды, 7 тексеріс тіркеуден шығарылды, 2 тексеруде құқық бұзушылық анықталмаған.

Сондай-ақ өндірісте 4 тіркелген тексеріс бар. ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 28 хаттама толтырылып, 28 әкімшілік материал сотқа жолданды. Сот 8 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 753 168 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартты. Сотта 20 материал қаралуда», - деді ол.

Әділет департаменті басшысы орынбасарының айтуынша, заңсыз айналымнан жалпы сомасы 5 386 600 теңгені құрайтын 1 759 контрафактілік өнім тәркіленген.

Департамент Қалдықтарды өңдеу мамандандырылған кәсіпорнының аумағында контрафактілік өнімдерді термиялық жолмен жою жұмыстарын жүргізді.