Астанада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

28 мамыр, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті
Elordainfo: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Астанада ана мен баланың әл-ауқаты басты назарда: репродуктивті денсаулық, қосымша білім беру және жастар спорты талқыланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. 

Күн тәртібінде ана мен баланы қорғау, жастардың денсаулығы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беру және балалар спортының қолжетімділігі сияқты өзекті мәселелер қозғалды.
 Отырыста бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен сала жетекшілері 2025 жылға арналған жоспарларын, статистикалық деректер мен нақты ұсыныстарын ортаға салды.



Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәз Досмырзаева репродуктивті денсаулықты қорғау бағытындағы 2025 жылғы жұмыстардың талдауын ұсынды.

2025 жылдың алғашқы кезеңінде медициналық-санитарлық көмек орталықтарында:
​психолог мамандарға – 2 157 адам, гинекологқа – 1 738 адам, дерматовенерологқа – 904 адам, әлеуметтік қызметкерге – 457 адам,
​урологқа – 1 594 адам,
​педиатрға – 276 адам,
​терапевтке – 1 104 адам,
​басқа мамандарға – 448 адам жүгінген”, - деді ол. 
 

Оның сөзінше, 12-18 мамыр аралығында өткізілген «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында
​238 іс-шара ұйымдастырылып,
​8 542 адам қамтылды. Олардың ішінде 4 644-і жасөспірім, 3 898-і жастар,
​ата-аналар мен педагогтар арасынан – 844 адам тартылды. 

“3 554 тегін кеңес беріліп,
​44 онлайн шара өткізіліп, әлеуметтік желілерде 26 835 адамға дейін қамту жүзеге асты. Бұқаралық ақпарат құралдарында 135 жарияланым шықты.
 Бұл көрсеткіштер ақпараттандыру мен профилактикалық жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетеді”,-деді ол. 

Комиссия мүшесі, «Отбасы құндылықтары» тобының жетекшісі Айнұр Оспанқызы ауруханалар жанындағы жасөспірімдерге арналған орталықтардың жеткілікті деңгейде танымал еместігін атап өтті.

“150-сенім телефоны туралы ақпаратты баршаға кеңінен тарату қажет. Барлық мектептерде сенім телефоны мен жастар орталықтары туралы қыркүйек айынан бастап хабардар ету жұмыстарын қолға алу қажет, 
жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, оның нәтижесіне сәйкес нақты жұмыстар атқару қажет”, - деді Айнұр Оспанқызы. 

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева балалар мен жасөспірімдердің қосымша біліммен қамтылу көрсеткіші 86,3%-ды құрайтынын айтты. Оның сөзінше, 262,2 мың баланы қамтиды.


 “Қалада 13 ұйым, 8 қоғамдық орталық,
​132 филиал жұмыс істейді. Олардың қатарында:
«TANYM» креативті технологиялар орталығы, «BILIM PARK» қосымша білім беру орталығы, «SANA» шығармашылық орталығы, «ART IS FOREVER» көркемсурет мұражайы, «KOKTAL JUNIOR HALL» спорттық-шығармашылық орталығы және екі Оқушылар сарайының филиалы бар, - деді ол. 

Маржангүл Қайырбаеваның айтуынша, 2029 жылға дейін тағы 15 жаңа нысан салу жоспарланған. Бұл 17 000 баланы қамтитын болады.

“2025 жылы жекеменшік қаржы есебінен 2 Оқушылар сарайы іске қосылды (12 000 бала қамтылған),
​5 сарайдың құрылысы басталды, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 440 орын бөлінді”,- деді ол. 

Жазғы кезеңде 92 мектеп жанында бастауыш сынып оқушыларына арналған лагерлер ашылады (55 200 бала), 192 бейінді лагерьде – 11 520 бала, 10 тақырыптық жобада – 142 298 бала,
​30 киіз үй лагері – 38 250 бала, “Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдарында – 8 056 бала қамтылады,
​Екі «Балалықтың бойтұмары» лагерінде – 1 500 бала, 393 бала әлеуметтік квота бойынша демалады.

“Жасыл ел» және экологиялық бағыттағы еңбек жасақтарында – 8 400 бала, шығармашылық үйірмелерде – 67 645 бала,
​туристік-экскурсиялық жобаларда – 26 650 бала,
​интеллектуалдық бағыттағы лагерьлер мен жазғы мектептерде – 58 250 бала қамтылады”, - деді ол. 
 

650,2 млн теңге бюджет қаражатына әлеуметтік осал топтардан 4 000-нан аса бала қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне жіберіледі. 

"1 маусым күні Ақмола облысы, Ақкөл ауданында орналасқан «Барап» спорттық-сауықтыру орталығы ашылады. Бұл нысанның маусымдық қуаты – 1 400 бала”,- деді Маржангүл Қайырбаева.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Агзамовтың айтуынша, қалада 19 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істейді. 

“62 спорт түрі қамтылған;
​8 769 жас спортшы – 405 бапкердің жетекшілігімен жаттығады. Сабақтар тегін өтеді. «Даму Бала» жобасы аясында 24 704 ваучер таратылды, 410 спорт секциясы қызмет көрсетіп жатыр (оның ішінде 339-ы белсенді жұмыс істейді);
​Ең танымал бағыттар: шахмат, дзюдо, каратэ, футбол, бокс, көркем гимнастика”, - деді ол. 

Жазғы әлеуметтік спорт жобалары:
​1.​Aula Fit – аулалардағы таңертеңгі және кешкі тегін жаттығулар,
​2.​“Начни с себя!» («Өзіңнен баста!»)– ботаникалық бақ пен Триатлон саябағында өзін-өзі қорғау жаттығулары,
​3.​Street Battle – жасөспірімдер арасындағы 3х3 баскетбол турнирі,
​4.​«Кожаный мяч» – 10-12 жасар балаларға арналған футбол жарысы.

Комиссия отырысы соңында бірнеше ұсыныс айтылды: 
​- Жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу;
​- 150-сенім телефонын кеңінен таныстыру;
​- Барлық мектептерде жастар орталықтары мен қолдау қызметтері туралы ақпараттандыру жұмысын жүргізу.

Ақнұр Тұяқбай