Астанадағы өрт: Арнайы штаб құрылды
Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барды.
Сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 бірлік техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды.
Өрт сөндіру штабы құрылды.
Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
Құрметті тұрғындар, сізден қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:
- ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз.
- Егер сіз сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс.
- Түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз, - делінген ТЖД хабарламасында.