00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы этноауылдарға 3 күн ішінде 70 мыңнан астам адам келді

9 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанадағы этноауылдарға 3 күн ішінде 70 мыңнан астам адам келді
Фото: gov.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этноауыл жұмыс істеп тұр. Этноауылдар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан. 3 күн ішінде этноауылдарға 70 мыңнан астам елорданың тұрғыны мен қонағы кірген, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Этноауылдар келесі орындарда орналасқан:

10 гектар аумақта «Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды. Этноауыл 7-13 қыркүйек аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Этноауыл бірнеше орынға бөлінген: орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілер және Шығыс базары.

Этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын Шығыс базары ұйымдастырылған. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.

Есіл ауданы «Бәйтерек» монументінің алаңындағы этноауыл сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Алматы ауданындағы этноауыл «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Ол 10.00-ден бастап ашылады, 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Байқоңыр ауданының аумағындағы этноауыл «Ататүрік» саябағында ұйымдастырылған. Этноауыл сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін ашық.

Нұра ауданының аумағындағы этноауыл Орталық саябақта ашылды. Сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Этноауыл «Қазақстандық күн» монументінен (сағаты бар монумент) субұрқақ тостағанға дейін өтеді. Аллея бойымен өтіп бара жатып, тұрғындар мен қонақтар әртүрлі ұлттық ойындарға қатысу арқылы өздерінің күші мен ептілігін тексере алады.

Елорда тұрғындары, қонақтары мен ойын қатысушылары үшін барлық этноауылдарға кіру тегін. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық жарыстарына билеттермен ғана кіруге болады.