Астанада өтетін Backstreet Boys тобы концертіне 12 000-нан астам турист келеді
 
                            Фото: Астана қаласы әкімшілігі сайтынан
                            21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы концерт береді. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік музыканың тарихындағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан. Астанадағы концерт топтың әлемдік гастрольдік турының бір бөлігі болады. 2025 жылы ұжым Лас-Вегаста рекорд орнатқан еді: әйгілі The Sphere концерт кешеніндегі шоу осы алаң тарихындағы ең көп сатылған концертке айналып, небары бір күннің ішінде 500 000-нан астам билет өтіп кеткен.
Backstreet Boys концерті үшін Астанаға Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 000-нан астам турист келеді деп күтіліп отыр. Кешті ұйымдастырып отырған «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялады. Бұл кешке бірлік пен стиль атмосферасын береді. Қазақстандық әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде #GetReadyWithMe тренді кең таралып жатыр: отандық жанкүйерлер балалық шағының кумирлерімен кездесуге дайындық барысын көрсетеді.
Астанадағы Backstreet Boys концерті – бұл әлемдік жұлдыздардың өнер көрсетуі ғана емес, елорда тарихына енетін ауқымды мәдени оқиға болмақ.
                            Ұқсас жаңалықтар
                                 
                                                
                                                    Бүгін, 18:15
                                                
                                            Астанада «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтіп жатыр
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 17:39
                                                
                                            Астанада Тәуелсіздік күніне орай журналистер мен блогерлерге арналған байқау жарияланды
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 17:17
                                                
                                            Енді елордада жеке көлігі бар тур-көшбасшылар қызмет көрсетеді
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 15:56
                                                
                                            «Даму» қоры арқылы Астанада 600 жоба табысты дамып келеді
                                    
                                                                     Жібек Наурыз
                                    Жібек Наурыз
                                
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                