00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада неміс овчаркасы жоғалған екі баланы табуға көмектесті

24 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада неміс овчаркасы жоғалған екі баланы табуға көмектесті
фото: polisia.kz

Астанада кіші инспектор, кинолог Бекнұр Шахтай мен Граф есімді қызметтік ит ойнап жүріп, адасып кеткен екі баланы табуға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ер адам аулада ойнап жүрген 9 жасар ұлы мен 5-тегі қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабарласқан.

Ата-анасы балаларын өздері іздеп таба алмаған соң барып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.  Ауладағы балалар ағасы мен қарындасын соңғы рет дүкеннің жанынан көргенін айтқан.

«Қызметтік ит сол дүкеннің жанынан балалардың ізін алып, жолға қарай бағыт алған. Балалар жаяу жүргіншілер өткелінен табылды. Балалардың анасы полицейлерге көрсеткен көмегі мен жедел іздеу жұмысын жүргізгендері үшін алғыс айтты», - деп көрсетті Астана қаласы Полиция департаменті.