Астанада М.Жұмабаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 18:12
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада М.Жұмабаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев көшесінің Б.Момышұлы даңғылынан Қ.Мұңайтпасов көшесіне дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 11-20 тамызы аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.