00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада мәдениет қайраткерлері дауыс берді

Астанада мәдениет қайраткерлері дауыс берді
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Бүгін референдумға Майра Ілиясова, Самал Еслямова, Әділ Ахметов, Ерік Жолжақсынов, Ерлан Малаев және басқа да елге белгілі өнер және мәдениет саласының майталмандары белсенді қатысып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біздің бүгінгі шешімдеріміз – ертеңгі күннің іргетасы. Шығармашылық зиялы қауымның өкілі ретінде болашағымызды ақыл, білім мен тәжірибе негізінде құруымыз өте маңызды», - деген ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгінгі референдумдағы әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл – халық үшін өз пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мен барлығын азаматтық ұстанымын көрсетуге, шетте қалмауға шақырамын», - деп атап өтті кино және театр актері Әділ Ахметов.