00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада құрылыс алаңындағы контейнерлер өртенді

27 мамыр, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада құрылыс алаңындағы контейнерлер өртенді
фото: дереккөзден

Астана қаласының Есіл ауданында құрылыс алаңындағы 3 контейнер өртенді, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаңадан салынып жатқан құрылыс нысаны аумағындағы 40 тонналық үш контейнер өртенген.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 50 шаршы метр алаңға жайылған жалынды сөндірді, зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның хабарламасында.