00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

4 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
фото: ҚР ТЖМ

Елордалық өрт сөндірушілер өрт шыққан үйден 10 адамды құтқарды, оның төртеуі балалар, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі Бөгенбай батыр 3 А мекенжайында шақыртуға келді.  Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үй кешенінің 2-12 қабат аралығында кабель шахтасында 36 ш.м.аумақта өрт шыққаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің күшімен 10 адам құтқарылды, оның 4 бала және өздігінен жоғарғы қабаттардан 25 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.