Астанада кезекті жаңа спорт алаңы ашылды

Бүгін, 14:18
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
views64
Астанада кезекті жаңа спорт алаңы ашылды
Фото: Әмір Теміржан

Астанадағы №75 мектеп-гимназиясында спорт алаңының ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға елорданың «Есіл» ауданы бойынша Amanat партиясы филиалының төрайымы Санира Жүсіпова, жазушы, ақын Әкім Ысқақ, ардагерлер арасындағы гір тасын көтеруден 21 дүркін әлем чемпионы Серік Абдахин, волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытжан Байтөреев, ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар қатысты.

«Жаңа спорт алаңы мектеп оқушыларының спортпен айналысып қана қоймай, елімізге ертеңгі күннің мықты азаматын қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Жаңа оқу жылында дәл осылай жаңа спорт алаңының берілуімен баршаңызды құттықтаймын. Бүгінгі қуаныш барлығымызға ортақ», - деді мектеп директоры Зәмзагүл Рысбайқызы.

Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары шинкиокушинкай каратэ, гір тасын көтеру, волейбол бойынша өздерінің спорттық өнерін көрсетті.