Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

Биыл елордада тұрғындарға көмір сатуға арналған 17 қойма (тұйық) бар, олардың ішінде 14 сату орны жұмыс істеп тұр. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл сату орындарында 8 көмір жеткізуші компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен көшесі, 6/2, Көктал, 28/2, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев көшесі, 76, Ахмет Жұбанов көшесі, 35, Дулатов көшесі, 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А, Герцен көшесі, 6Б.
Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:
• Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
• Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
• Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.
Еске сала кетейік, қалада «109» бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қолжетімділігі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпарат алуға болады.



