Астанада I Халықаралық психологтар форумы өтті
Бүгін елордада «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» I Халықаралық психологтар форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Форумды «El Umiti» корпоративтік қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Дарындыларды қолдаудың еуропалық кеңесімен бірлесіп өткізіп отыр.
Іс-шарада қатысушылар балалар мен жастардың әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Назарбаев орталығында өткен іс-шара барысында қатысушылар пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер және форсайт-сессияларда эксперименттік психологиялық зерттеулердің әдістемелері мен перспективалары жайында сөз қозғады.
Пленарлық отырыс аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Дарындыларды қолдаудың Еуропалық желісінің (ECHA) вице-президенті, психолог және профессор Сильвия Фодор (Szilvia Fodor), ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова, Венгрияның таланттар кеңесінің директоры, ECHA өкілі Чилла Фусжек сияқты жоғары лауазымдағы қонақтар сөз сөйледі. Олар балалар мен жастардың қабілеттері мен дарындылығын дамытудың әртүрлі аспектілеріне назар аударды.
Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтер сияқты мамандардың арқасында білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуеті артып келеді. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, сондай-ақ балаларда өмірге төзімділік дағдыларын қалыптастыру бойынша бағдарламалар іске асырылып жатыр», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы.