Астанада электрсамокат жүргізушісін көлік қағып кетті

Астанада электрсамокат жүргізушісін көлік қағып кетті
Көрнекі сурет: freepik

Астанада электрсамокат жүргізушісін көлік қағып кетті. Астанада түнде болған оқыс оқиғаның видеосы желіде таралды. Elordainfo.kz тілшісі Астана қаласы полиция басқармасынан оқиғаға қатысты ресми түсініктеме сұрады. 

Видеоға Hyundai Palisade автокөілігін тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның жасыл түсі жанғанда, өтіп бара жатқан самокаттағы ер адамды байқамай, қағып кеткені түсіп қалған.

Полиция мәліметінше, зардап шеккен жігіт ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. 

Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесімен қозғалып келе жатып, Е308 көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде, жолды белгіленген жерден оңнан солға қарай қиып өтпек болған электрсамокат жүргізушісін қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.