Астанада екі жігіт пиццерияны тонады

Бүгін, 08:34
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views62
Астанада екі жігіт пиццерияны тонады
Фото: freepic.com

Астана полициясы пиццерия мен дүкенді тонаған екі жігітті қолға түсірді: елордаға қыдырып келген жігіттер түнде пиццерияның кіреберіс есігін бұзып, тонап кетті. 

«Астана полицейлері 19 және 21 жастағы екі жігітті қолға түсірді. Олар елордаға басқа өңірден келгенімен, демалудың орнына заңсыз жолмен табыс табуды көздеген.Тергеу дерегінше, күдіктілер пиццерияның кіреберіс есігін бұзып ішке кірген. Кассадан ақша алып, сөренің үстінен секіріп өткен. Кейін дәл осындай әдіспен сусын сататын дүңгіршектің терезесін бұзып ашып, тағы да қаржы жымқырған», - деп хабарлайды полиция.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.