00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды

29 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды
Фото: дереккөзден

Астана-Павлодар бағытындағы айналма жолда дрифт жасаған көлік жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бірден оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұзақы жүргізушілерді дереу ұстады. Олар екі «BMW 328 CI» және «BMW 325 I» көлігінің иелері болып шықты. 

«Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, «BMW 525», «BMW 523 I» және «Lada 21073» көліктерінің жүргізушілеріне де Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабы, 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жауапқа тартылған», - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.