00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада дәрігерлер жүкті әйелдің миынан үлкен ісікті алып тастады

22 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада дәрігерлер жүкті әйелдің миынан үлкен ісікті алып тастады
Фото: дереккөзден

Ота сәтті өтті, пациенттің жағдайы жақсарды, барлық функционалдық және қозғалыс қабілеттері сақталды, жүктілік жалғасуда, пациент шығуға дайындалуда. 

Жыл сайын Ұлттық нейрохирургия орталығында 4500-ден астам ота жасалса, соның 90%-ы МӘМС жүйесінде жасалады» – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы.

Түркістан облысының тұрғыны жүктілік кезінде жиі құсып, басы ауыратынына,  құрысу болатынына шағымданған. Дәрігерлер миды МРТ-ға түсіріп, онда көлемді киста ісігін анықтайды. Бұл жағдай Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің консилиумында талқыланып,  жүкті әйелге Нейрохирургия орталығында ота жасау туралы шешім қабылданды. Әйел санавиация желісі бойынша орталыққа жеткізіліп, Ұлттық орталықтың мықты мамандары ота жасады. 

«Біздің орталықта мидың күрделі диагноздары бар жүкті әйелдерге ота жасалады, олардың арасында қатерсіз және қатерлі ісіктер бар. Бұрын осындай жағдайлар кезінде жүктілікті тоқтату керек болса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Ұлттық нейрохирургия орталығында жүкті әйелдерге ота жасап, отадан кейін бала көтеруді жалғастыратын жағдайлар жиі кездеседі. Сондай-ақ, біздің Орталығымызда симультантты оталар жасаған да, яғни екі бригада – нейрохирургтар мен акушерлер тобы жұмыс істеп, әйелді босандырып алған бірнеше жағдайлар да болды» - дейді  ҰНО профессоры, Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев. 

Нұржан Рыскелдиев атап өткендей, кейде дәрігерлер болашақ анадағы ең ауыр сырқаттарды жүктілік кезінде анықтайды.

«Бұл пациентте ми бағанының қысылуына алып келген оң жақ церебральды гемисфераның көлемді киста ісігі анықталды. Кистаның көлемі 5 см*3,5 см-ге жеткен. Киста миды қысып тастаған, сәйкесінше бұл пациенттің жағдайына әсер етті. Біз нейронавигацияны қолдана отырып, кистаны алып тастайтын микрохирургиялық ота жасадық.  Ота сәтті өтті, пациенттің жағдайы жақсарды, барлық функционалдық және қозғалыс қабілеттері сақталды, пациент  жүктілігі жалғасуда, шығуға дайындалуда» – деп бөлісті пациенттің емдеуші дәрігері, нейрохирург-дәрігер Мұратбек Тілеубергенов. 

Пациенттің өзі де отадан кейін неврологиялық симптомдар мазаламайтынын, жалпы жағдайының жақсарғанын айтады.

«Қазір менде жүктіліктің 26-аптасы. Менің бірінші жүктілігім болғандықтан, оның үстіне 3 жылдан кейінгі жүктілік болғандықтан, жүктілік симптомдары осындай шығар деп ойладым. Жалпы жағдайым нашар болған соң, мені осы жерге санавиациямен алып келді. Келген күннің ертеңіне ота жасалды» - дейді Түркістан тумасы.