00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

5 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада бүгін боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Айта кетейік, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.