00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды

28 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды
фото: дереккөзден

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде олар қаладан үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

28 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 400-ден аса  жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты. Өткен түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең,- деп жазды әкімдік.

Айта кетейік, қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды.