00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада автобус жолақтарын пайдалану бойынша онлайн дауыс беру басталды

11 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада автобус жолақтарын пайдалану бойынша онлайн дауыс беру басталды
ашық дереккөз

Астанада қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтар бойынша автокөлік жүргізушілерінің қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада осы жылдың 30 мамырына дейін жалғасатын осы мәселені шешу бойынша онлайн-дауыс беру басталды. Әкімдіктің сайтында сілтеме бойынша дауыс беруге болады.

22 сәуірден бастап Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойынша қоғамдық көлікке арналған жолақ бойынша шектеулі жүру уақыты өзгертілген болатын. Қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильдерге жұмыс күндері сағат 06.30-дан 20.00-ге дейін арнайы жолақпен жүруге тыйым салынған. Ал сенбі, жексенбі және мереке күндері көліктерге автобус жолағында шектеусіз жүруге рұқсат етіледі.