00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада аула күні аталып өтті

Астанада аула күні аталып өтті
Фото: дереккөз

Астана қаласы Байқоңыр ауданында Аула күні аталып өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Аудандағы аула клубтары қызметінің негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарды бұқаралық спортқа, шығармашылық үйірмелерге тарту, өмірлік қажетті дағдыларға үйрету арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыру.

Осыған байланысты Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ұйымы мен Байқоңыр ауданы бойынша аула клубтарының тәрбиеленушілері үшін «Аула күні» жобасы шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. 

365434135_1059759765433397_753678475440994847_n.jpg

75805ce1-92d8-487d-978f-a6cfeb302d55.jpg

Жоба аясында концерттік іс-шаралар мен жарыстар, оның ішінде: қазақша күрес, футболдан турнир, тоғызқұмалақ, арқан тарту, каратэ, армрестлинг және басқа да спорт түрлерінен сайыстар мен турнирлер өткізілді.

8fac12b0-e8c5-4756-bb97-1739899425ce.jpg