Астанада алтыншы округ бойынша мәслихат депутаттығына сайлау басталды

Фото: Астана қаласы әкімдігі
8 желтоқсанда №6 бір мандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалғанның орнына Астана қаласы мәслихатының депутатын сайлау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сағат 7-ден бастап Астанада 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның үшеуі – жабық.
Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады. Сайлау бюллетеніне 6 кандидат енгізілді. Астана қаласы бойынша сайлауға Байқоңыр ауданында орналасқан №6 бір сайлау округі қатысады.
Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Осыған дейін округтің әрбір тұрғынына атаулы шақырулар берілген болатын. Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында сайлаушылар тізімін таныстыра отырып, ауланы аралап шықты.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:49
«Үш бөлмелі пәтер алдық»: «Елорда жастары» бағдарламасының қатысушысы қалай баспаналы болғанын айтты

Бүгін, 09:28
Астанада экологиялық айлық 13 қыркүйектен басталады

Бүгін, 07:03
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

11 қыркүйек, 2025
Астанада әскери сала мамандарының қатысуымен конференция өтті