Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
9 қаңтар, 2025


Фото: Василий Крась
Астанада 11-12 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар

14 шілде, 2025
Қосшыдағы полиция бөлімінде «Тергеушінің көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды

14 шілде, 2025
Comic Con Astana-2025 фестиваліне 120 мыңнан астам адам қатысты

14 шілде, 2025
Астанада 2026 жылы «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі өтеді

14 шілде, 2025
JOLTAP шабыт пен қолдау сыйлайтын орта – жобаға қатысушы