«АSTANA RUN»: Елордада әуесқойлар арасында жүгіруден жарыс өтті
Жүгіруден Ботаникалық бақта 400-ге жуық Астана тұрғыны мен қала қонақтары қатысқан жүгіру жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Astana run challenge іс-шарасы 10 шақырым қашықтыққа созылып, 3 кезең бойынша өтеді.
14 мамыр — Ботаникалық бақ
20 тамыз — Орталық саябақ
17 қыркүйек — Триатлон саябағы
Әрбір кезеңде жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жастан асқандар.
«Астана тұрғындарын жүгірудің алғашқы кезеңіне қатысуларымен құттықтаймын. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарамыз қаламыздың керемет жерлерінің бірінде өтіп жатыр. Әрі ешкімге кедергі жасамаймыз. Бүгінгі әрбір қатысушыға сәттілік пен жеңіс тілеймін!» — деп, Астана қаласы бойынша Триатлон федерациясының президенті Евгений Больгерт өзінің ықыласын жеткізді.
Спорттық іс-шараны тек тұрғындар ғана емес, Астанадағы Индонезия елшілігінің қызметкерлері де қолдап, қатысты.
Шара соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлық (1-орын — 20 мың теңге, 2-орын — 15 мың теңге, 3-орын — 10 мың теңге) пен медальдармен марапатталды.