«Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылды


Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-1 – Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын жолға шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды. Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.
«Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз алуға болады.



