00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада велосипедті жалға алу қызметінің сапасы жақсарады

26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада велосипедті жалға алу қызметінің сапасы жақсарады
Фото: дереккөз

CTS-тің «Astana Bike» велосипедті жалға беру мамандары жалға алу мерзімі 1 сағаттан асқан пайдаланушыларға қоңырау шалатын болады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл пайдаланушылардың велосипедті тұраққа дұрыс қоймауының салдарынан теңгерімнің алынуының немесе велосипедтердің жоғалып кету оқиғаларын төмендету мақсатында қолға алынған шара.

Қажет болған жағдайда, велосипедті уақытша тұраққа қоюға немесе станцияға дұрыс қоюға көмектесеміз, - делінген хабарламада.

«Astana bike» мамандарының жұмысы қала тұрғындары мен қонақтары үшін веложалдау қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталады.