Астанада қол күресінен ашық турнир өтті

31 мамыр, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қол күресінен ашық турнир өтті
Фото: автордан

31 мамыр күні Астана қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында қол күресінен ашық турнир өтті.


50–80 кг және 80–110 кг салмақ дәрежелері бойынша өткен додаға елордадағы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, министрліктер мен мекемелердің бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы – «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалы. Партия филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Салдарбекұлы Серкебаев турнирдің мақсаты туралы:
  – Мақсатымыз – бастауыш партия ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, салауатты өмір салтын дәріптеу. Бұл – жастарды спортқа тарту, ұлттық рухты ояту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған игі бастама, – деп атап өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына бірқатар мәртебелі қонақтар қатысты. Атап айтқанда,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Бәшімов Марат Советұлы, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы мен оның орынбасары Өтебаева Мәрия Мұхтарқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар бұл бастаманың маңызын айта келіп, мұндай іс-шаралардың ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге қосар үлесін атап өтті.


     Турнирдің бас төрешісі – Ұлықпанов Дәурен Мұхамбетсадықұлы. Қазылар алқасында қол күрестен әлем чемпиондары мен спорт шеберлері – Әлімжанов Еркін Қайнолдаұлы және Нұрбаев Сүлеймен Маратұлы төрелік етті.

Жарыс нәтижесі:

50–80 кг салмақ дәрежесі бойынша:
- 1 орын – Есенкулов Медет Ниязбекұлы
- 2 орын – Қазбеков Нұрдаулет Есімханұлы
- 3 орын – Тұрсынбай Жан-Ахмет Сержанұлы


80–110 кг салмақ дәрежесі бойынша:
- 1 орын – Тугелбай Есен Естайұлы
- 2 орын – Тугелбай Аман Естайұлы
- 3 орын – Қулдашев Ергеш


Турнирдің ең тартысты сәті – финалдық кездесуде ағайынды Түгелбайлардың өзара қол күресуі болды. Жеңіс үлкен ағасы Есеннің еншісінде қалды.


     Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар табысталды. Іс-шараның демеушісі әрі қолдаушысы – «Достық» бастауыш партия ұйымының төрағасы, қоғам қайраткері Жансерік Мұсаханұлына арнайы алғыс хат тапсырылды. Екі апта бұрын басталған ұлттық ойындарды дәріптеуге арналған бастама осылайша лайықты жалғасын тапты.


     Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар төрешілерге де арнайы алғыс білдіріп, алғыс хат табыс етті. Қорытынды сөз жарыстың бас төрешісі Ұлықпанов Дәурен Мұхамбетсадықұлына беріліп, ол барлық қатысушылар мен қонақтарға ризашылығын білдірді.

         Адия КӘРІПЖАН,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті