ALEM FEST 2025: Астанада өтетін іс-шара кезінде көлікті қайда қоюға болады

13 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
ALEM FEST 2025: Астанада өтетін іс-шара кезінде көлікті қайда қоюға болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада бүгін ауқымды музыкалық фестиваль – ALEM FEST 2025 өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары өз автокөліктерін іс-шара өтетін орынға жақын маңдағы тұрақ алаңдарына қоя алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлікті келесі орындарда қоюға болады:

«Астана Арена» стадионы аумағында, «Алау» мұз сарайының маңында, «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында, «Сарыарқа» велотрегінде, Ботаникалық бақ жанында – Бұқар жырау және Орынбор көшелері жақтан, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында және басқа да рұқсат етілген тұрақ орындарында.

Фестиваль қонақтары үшін әлемдік және қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетеді. Шақырылған әртістер қатарында Craig David, Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove бар.

ALEM FEST – Қазақстандағы туризмді дамытуға үлес қосатын ірі мәдени жоба.

Фестиваль көрермендері жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікпен келгені жөн.